2025 жылғы 26 қарашада "Аққайың ауданының аграрлық колледжі" КММ-де "тамақтандыруды ұйымдастыру"мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының өндірістік оқыту шеберлері арасында облыстық кәсіптік шеберлік байқауы өтті. Байқауға 7 колледж қатысты. Конкурстық тапсырма екі модульден тұрды:
Модуль 1. "Құлпынай соусы қосылған Панна котта";
Модуль 2. Негізгі тағам "Карамелденген алмұрт пен апельсин соусы қосылған үйрек төсі".
Сараптама комиссиясының құрамына: "СҚО рестораторлар мен қонақүйлер Қауымдастығы" АҚ басшысы С. Хамза; "Гринвич"қонақ үйінің бас аспазшысы кірді
В. Фролов; "Аққайың ауданының аграрлық колледжі" КММ директорының ОВР жөніндегі орынбасары Т. Савоськина.
Байқау қорытындысы бойынша "Аққайың ауданының аграрлық колледжі" КММ өндірістік оқыту шебері Алексей Гордт жеңімпаз атанды.
РУС
ҚАЗ
Пікірлер қосу