"Қоршаған ортаға құрметпен, ұқыптылықпен және жауапкершілікпен қарау біздің ұлттық идеологиямыздың ажырамас бөлігіне айналуы тиіс.
Өздеріңіз білетіндей, өткен жылдан бастап бүкіл ел бойынша миллиондаған бей-жай қарамайтын азаматтарды біріктірген "Таза Қазақстан" жалпыұлттық жобасы іске асырылуда. Жалпы күш-жігердің арқасында 860 мың гектарға жуық аумақ тазартылып, төрт миллионнан астам ағаш отырғызылды. Егер мұндай белсенді жұмыс жалғаса берсе, онда Қазақстан нағыз жасыл елге айналады, бұл болашақ ұрпақтың тамаша үлгісі мен игілігі болады.
Бұл біздің отандастарымыздың жасампаз құндылықтары мен ұмтылыстарының жарқын көрінісі. Осы жұмысқа қатысқан барлық азаматтарға, әсіресе жастарға алғысымды білдіремін. Тазалық мәдениетін қоғамға сіңіру үшін Үкімет мектептерден бастап жоғары оқу орындарына дейінгі барлық деңгейлерді қамтитын экологиялық ағартудың бірыңғай стандартын енгізуі керек".
Пікірлер қосу