2026 жыл Қазақстанда цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланды
AA+
Аққайың ауданы, Қиялы ауылы, Южная 1 көшесі
8 71532-2-56-38
8 71532-2-58-78
Біз сіздің сұрауыңызды қабылдадық және жақын арада оны өңдейміз! Өкінішке орай, біз сіздің сұрауыңызды пысықтай алмадық.
ОҚУҒА ТҮСУ
2026 жыл Қазақстанда цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланды
«Аққайың ауданының аграрлық колледжі» КММ
AA+

Аққайың ауданы педагогтерінің тамыз конференциясы аясында Аграрлық колледж директоры **«Кәсіптік білім – табысқа жетудің кілті»** тақырыбында баяндама жасады.

Өз сөзінде колледж басшысы қазіргі заманда сапалы кәсіптік білімнің маңыздылығын атап өтті. Бүгінде аграрлық салаға заманауи технологияларды меңгерген, еңбек нарығындағы өзгерістерге бейімделе алатын, аймақтың ауыл шаруашылығының дамуына үлес қоса алатын білікті мамандар қажет екенін жеткізді.

Сондай-ақ колледждің тек мамандар даярлайтын мекеме ғана емес, сонымен қатар еңбекқорлық, жауапкершілік және кәсіпке деген мақтаныш сынды құндылықтарды қалыптастыратын әлеуметтік бағыттағы оқу орны ретінде рөлі ерекше екені айтылды.

Колледж жетістіктері, табысты жобалар, жұмыс берушілермен ынтымақтастық және алдағы жоспарлар туралы кеңінен сөз қозғалды. Сонымен қатар, кәсіптік білім беру жүйесін қолдау мақсатында педагогтер қауымдастығының, жергілікті билік пен бизнестің күш-жігерін біріктіру қажеттігі айтылды.

Баяндама конференцияға қатысушылар тарапынан жылы қабылданып, әріптестер арасында қызығушылық пен қолдау тапты.

Пікірлер қосу