2026 жыл Қазақстанда цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланды
AA+
Аққайың ауданы, Қиялы ауылы, Южная 1 көшесі
8 71532-2-56-38
8 71532-2-58-78
Біз сіздің сұрауыңызды қабылдадық және жақын арада оны өңдейміз! Өкінішке орай, біз сіздің сұрауыңызды пысықтай алмадық.
ОҚУҒА ТҮСУ
2026 жыл Қазақстанда цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланды
«Аққайың ауданының аграрлық колледжі» КММ
AA+

1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында колледжде «Достық - біздің тірегіміз» атты жарқын әрі мазмұнды мерекелік іс-шара өтті. Бұл мереке достықтың, өзара құрмет пен мәдени әртүрліліктің шынайы көрінісіне айналды. Колледж студенттері іс-шараға ерекше шабытпен қатысты: сахнада патриоттық өлеңдер оқылып, мың бұралған билер орындалды. Ал ұлттық киімдердің көз тартар шеруі жиналған қауымға түрлі халықтардың салт-дәстүрлерімен тереңірек танысуға мүмкіндік берді. Қатысушылар ұсынған ұлттық дәмдер мен мерекелік дастарқан шараға ерекше қонақжайлылық пен жылылық сыйлады. Салтанатты кеш барша қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, бірлікті нығайтуға және достық пен өзара түсіністік құндылықтарын дәріптеуге септігін тигізді.

Пікірлер қосу